Елімізде 800 мыңнан астам адам ешқандай келісімшартсыз жұмыс істейді. Енді оны заңдастыру үшін салық органдарында тіркелудің жеңіл түрін көздейтін Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжілісте таныстырылды. Төлемді енгізу бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеумен қатар, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері бекітіледі, яғни, әртүрлі әлеуметтік қорларға жарналарды өз бетінше есептеу қажет болмайды. Құжат жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс.
Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заң жобасында ерікті түрде төлем жасау көзделген. Қаладағылар 1 айлық есептік көрсеткіш ретінде, ауылдағылар 0,5 төлейтін болады. Ай сайын төлемесе, айыппұл салына ма, сол көрсетілмеген заң жобасында, біз соны айқындаймыз.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.