Қытайдың жаңа елшісі тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың жаңа елшісі тағайындалды

01.10.2018

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің дәл Астанада жариялауы бекер емес. Қытай Халық Республикасының құрылуына 69 жыл толуына орай өткен жиында жуырда тағайындалған елші Чжан Сяо осылай деді. Қазақ лидері Нұрсұлтан Назарбаев аталған жобаға қолдау білдірді. «Нұрлы жол» жобасы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасымен сәтті қабысып жатыр.

Бұдан бөлек, екі ел құны 28 млрд. долларға тең 51 жобаны мақұлдады. Қазіргі таңда аталған өндіріс ошақтарының құрылысы жүріп жатыр. Елші АҚШ-пен Қытай арасындағы сауда-саттық саласындағы кикілжің жайлы әңгімелеп берді. 

Чжан Сяо, ҚР ҚХР-дың Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қытай экономикасы осыдан 10-15 жыл бұрынғы жағдайынан танымастай өзгерді. 15 жыл бұрын біздің экономика 70 пайызға экспортқа тәуелді болған. Ішкі нарықтағы сұраныс жағдайды өзгертті. Қазір ІЖӨ-нің 10 пайызы ғана экспорттан түседі. Демек, Америкамен арадағы сауда-саттықтың төмендеуі Қытайға айтқандай зиян шектірмейді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу