620 миллион теңгені жымқырмақ болған сот орындаушысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

620 миллион теңгені жымқырмақ болған сот орындаушысы ұсталды

01.10.2018

Шығыс Қазақстанда мемлекет қаржысын меншіктеп алмақ болған жеке меншік сот орындаушысының ісі әшкереленді. Ол қаржы полициясы тергеушісі атынан жалған құжат жасап, 620 миллион теңгені өз танысының шотына аудартқан.

Бюджеттік ақшаны жымқырған сот орындаушысын экономикалық тергеу қызметінің өкілдері ұстады. Жалпы, жыл басынан бері облыста бюджеттік және квазимемлекеттік секторда осындай 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. Қазына қаржысы, көбіне-көп мемлекеттік бағдарламаларды орындау кезінде талан-таражға түскен. 

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 900 миллион теңгеден асады. Ал жекеменшік сот орындаушысының кінәсі дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәкен Құндыбаев, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы: 

- Ол мемлекетке емес, жеке сот орындаушысының қалтасына кететін жағдай болып қалған. Алайда, экономикалық тергеу қызметінің жұмыс нәтижесінде, ол сот орындаушысы ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу