Ақмола облысында бағаны негізсіз көтергендер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бағаны негізсіз көтергендер жазаланды

01.10.2018

Ақмола облысында өнім бағасын негізсіз көтергені үшін бірқатар кәсіпкерлік нысандар жауапқа тартылды. Тексеріс нәтижесінде, әсіресе, мұнай өнімдері  саудасымен айналысатындардың өзара келісіп, құйтырқы әрекетке барғаны анықталды. 

«Пысықай» кәсіпкерлер былтыр жанар-жағармай құнын қолдан өсірген. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз»  өнімдері, «Гелиос», «Есіл», «ЮНА», «Эталон-Аймақ», «Арна», «Sinooil» жанар-жағармай құю бекеттері бар. Бұл кәсіпкерлік нысандардан 2 миллион теңгеге жуық монополиялық табыс тәркіленді. Жалпы 14 миллион 600 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, өткен жылы көмір бағасын негізсіз қымбаттатқан 5 кәсіпкер анықталған.

Сәулеш Бижанова, Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Департамент мамандары өткен жылы тұрмыстық көмірге бағаның күрт жоғарылауына байланысты көмірді бөлшек саудада өткізу нарығын зерттеді. Тергеу нәтижелері бойынша заңбұзушылыққа жол берген алып-сатарлар анықталып, оларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. 5 кәсіпкер кінәлі деп танылып, олардан 78 миллион теңге монополиялық табысы тәркіленді. Жалпы сомасы 11 миллион 700 мың теңгеден асатын айыппұл салынды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу