Қарағандыда «Медиация-бейбітшілік және келісім жолы» атты аймақтық семинар-тренинг өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Медиация-бейбітшілік және келісім жолы» атты аймақтық семинар-тренинг өтуде

01.10.2018

Шараға ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас, еліміздің түкпір-түкпірінен келген этномәдени бірлестіктердің  және  «Қоғамдық келісім» мекемелерінің өкілдері жиналды. Олар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, кеншілер қаласына барған қонақтар жергілікті этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысып, саяси қуғын-сүргін жылдарында Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің басқармасы болған Долинка мұражайын аралады. Барлығы облыста 75 этномәдени бірлестік бар. 

Шерзод Пулатов, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы /Астана/:

- Әр орталықтың өзінің жолы, тәжірибесі бар. Өзіміздің жұмысымызды одан әрі жоғары деңгейге жеткізу үшін бірқатар мәселелер көтерілді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу