Зырян ауданы енді Алтай деп аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зырян ауданы енді Алтай деп аталады

28.09.2018

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданы бұдан былай Алтай деп аталады. Бүгін аудан орталығында өткен қоғамдық тыңдауда жергілікті тұрғындар мен аудандық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Жиын барысында тұрақты кеңес мүшелері де жаңа атауды құптайтындарын жеткізді. Олардың пікірінше, Алтай деген атау – әлемдік бренд. Сондықтан, көпшілік оның аудан экономикасының дамуына да тың серпін береріне сенімді. Ал, өлкетанушылардың айтуынша, бұл өңір - түркі өркениетінен қалған мұраға өте бай. «Зырян ауданы мен қаланың Алтай деп өзгеруі тарихымызды қайта қарауға бетбұрыс», - деді жиналғандар. Сонымен қатар, бүгін «Алтайдың жыршысы» атанған әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің дүниеге келген күні. Аудан жұртшылығы айтулы жаңалықтың қаламгердің туған күнімен сәйкес келуін жақсы ырымға балап отыр.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу