Ресейдің Сауда-өнеркәсіп Палатасында «Еуразия – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өтті. Басқосуда көп жылдар бойы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Еуразиялық экономикалық қауымдастығының бас хатшысы және Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика, инфрақұрылым жөніндегі министрі қызметтерін атқарған Тайыр Мансұров баяндама жасады. Қоғам қайраткері өз сөзінде, еуразиялық интеграцияның тарихына шолу жасап, аймақтағы елдердің экономикалық қарым-қатынасын арттырудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегіне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Президенттің идеясы бұл күнде сәтті іске асып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тайыр Мансұров, сонымен қатар, жақында ғана Ақтау қаласында қол қойылған Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенция да, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің нәтижесі, деді.
Тайыр Мансұров, 1994-2002 Ж.Ж. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, 2007-2014 Ж.Ж. ЕУРАЗЭҚ бас хатшысы:
- 20 жыл бойы осы конвенцияның жолын табу үшін 50 шақты кездесулер болған. Мұны ғылыми-зерттеу институттарының мамандары еуразиялық интеграцияның ең үлкен жетістігі деп санап отыр. Каспий конвенциясының қабылдануы, ол енді ең біріншіден, бізге мақтаныш. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осы еуразиялық интеграцияның ең басты архитекторы болып саналады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.