Шығыс Қазақстанда заңсыз жүрген 1 мыңға жуық мигрант анықталды. Олар осы аймақтағы кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген. Күнкөріс қамымен біздің елге келгендердің көбі - Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің азаматтары. Полицейлердің айтуынша, жаз уағында заңсыз мигранттар құрылыста еңбек етеді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында істейді. Шекара асып, ішкі тәртіпті елемеген 119 келімсектің бәрі өз елдеріне қайтарылып, қалғандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арзанқол жұмыс күшін Қазақстанға заңсыз алдырған қазақстандық азаматтар да жазаланды. Олар 100 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік айыппұл төлейтін болды.
Амантай Хамзин, ШҚО ІІД Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке бөлімше командирінің орынбасары:
- 4 күнде ШҚО Ішкі істер органдары күшімен 900 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы шетелдіктерді Қазақстан Республикасында қабылдап, заң алдында өз міндеттерін атқармаған 130 қазақстандық азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.