Сенаторлар Ақтөбе облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар Ақтөбе облысына барды

28.09.2018

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары кәсіпорын иелерімен кездесіп, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің негізгі талаптарын түсіндірді.  

Жалпы Ақтөбе облысы жер қойнауын игеруші ең ірі өңірлердің бірі. Міндеттердің орындалуы жөнінде жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен жылына екі мәрте осындай жиын өтіп тұрады. Сенат депутаттары, Энергетика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері түрлі бағыттар бойынша жаңашылдықтарды енгізуде өңірдің көшбасшы екенін атап өтті. Жиында жаңа кодекстің негізгі баптары, енгізілген толықтырулар туралы жан-жақты айтылды. Халық қалаулылары жер қойнауын пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді. Сенаторлардың жұмыс сапары енді аудандарда жалғасады.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Кодекспен республика аумағында кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін ережелер қарастырылды. Мысалы, пайдалы қазбаны барлауға келісімшарт кодексін алмастыру бөлігінде лицензиялық ережелер, жер қойнауын пайдалану құқығын алу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Сол секілді бірыңғай көлем енгізу уақытша шығындарды едәуір қысқартты.

 

Ж.КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу