Елімізде 450 адам террористік және экстремистік әрекеттері үшін сотталған. Бұл дерек Оралда өткен «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» атты халықаралық форумда айтылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының аға оқытушысы Лола Шакимованың айтуынша, Сирияда қазақстандық 227 әйел, 225 ер адам соғысқа қатысқан. 400 бала жат жерде қалып отыр. «Экстремизмнің алдын алудың бір шарты – дін мен құқық қатынасын реттеу», - дейді ғалымдар. Сондықтан, батысқазақстандық дін қызметкерлері мен құқық қорғау органдары бұл салада бірігіп қызмет етпек..
Серікбай Қажы Ораз, Қазақстан Мұсылмандары Діни Бірлестігінің Төрағасы, Бас мүфти:
- Зайырлы қоғам дегеніміз – дінсіз қоғам деген сөз емес. Зайырлы қоғам діни сенім, ар-ождан бостандығына еркіндік берілген, азаматтардың еркіндігі мен бостандығына кепілдік беріле отырып және бүгінгі заманауи үдерістің көшінен қалмастан, дамудың бейне бір үлгісі іспетті.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.