Ақтөбеде оқушыға қол жұмсаған мектеп инспекторы қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде оқушыға қол жұмсаған мектеп инспекторы қызметінен кетті

28.09.2018

Ақтөбеде оқушыға қол жұмсаған мектеп инспекторы жұмыстан қуылды. Ол енді Ішкі істер органдарында қызмет ете алмайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін инспектордың оныншы сынып оқушысын мектеп формасын кимегені үшін ұрып-соққанын айтқан едік. Бұл жағдайға байланысты Ішкі істер департаменті  тексеріс жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция лейтенанты Ермағамбетов қызметінен босатылды. Ал, қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты «Елек» полиция бөлімінің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу