Ол үшін елорда әкімдігі 150 гектар көлемінде жер ұсынбақшы. Ал инвесторлар кәсіп ашқысы келетін тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеді. Бизнесмендердің бейнетін азайту үшін корпорация «бір терезе» жүйесі бойынша жұмыс істемекші.
Кәсіпкер мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, тек осы ұйымға өтініш тастап кете алады. Жобалар негізінен, спорттық нысандар мен сауда орындарын салуға бағытталады. Өйткені, қала өскен сайын тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жерлер мен базар-дүкендерге сұраныс артып отыр.
Айта кетейік, қазір 100 мыңнан астам астаналық шағын және орта бизнесте жүр. Бұдан 8 жыл бұрын ғана олардың саны небәрі 20 мың болған екен.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз