Мәжіліс депутаттары жемқорлықпен күрес туралы депутаттық сауал жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары жемқорлықпен күрес туралы депутаттық сауал жолдады

26.09.2018

Елімізде магистратураға түсетін талапкерлерді қабылдайтын комиссияны жоғары оқу орындарының ректорлары тағайындайды. Бұл тікелей жемқорлыққа әкеледі. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков осылай деп Премьер-министрдің атына сауал жолдады. «2012 жылғы 19 қаңтардағы қаулы магистратура гранттарын саудаға салуға мүмкіндік беріп отыр», - дейді депутат. Оның айтуынша ,бұл құжат тиімсіз, жетілдіруді қажет етеді. Мәселені зерттеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу