Қостанайда екі атқарушы қызметкерге бір басшыдан келеді екен. Енді сол мемлекеттік органдардағы басқарушыларды азайтып, керісінше, орындаушыларды көбейту міндеті тұр. Елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыру үшін пилоттық жоба жүзеге аса бастағаны белгілі. Алғаш Астана мен Маңғыстау облысында енгізілген жаңа өзгерістер тиімділігін көрсетті. Оңтайландыру нәтижесінде Маңғыстау өңірінде жарты жылдың ішінде бос қызмет орындарының саны екі есеге, ауылдық елді мекендерде төрт есеге дейін қысқарған. Соның есебінен және балдық бағалау жүйесін енгізудің нәтижесінде әкімдік қызметкерлерінің еңбекақысы 86 пайызға өсті.
Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:
- Бір атқарушы қызметкерге 5-6 басшылық атқарушы лауазым бар. Оның қандай қажеттілігі бар? Мысалы, бір департамент, оның ішінде бөлім бар, басқарма бар, басқарманың орынбасары бар. Мемлекеттік процестерді оңтайландырып, пилоттың қорытындысы бойынша жаңа өзгерістер енгіземіз. Мемлекеттік қызметкерлердің тізімі де өзгереді, лауазымының салмағына сай жалақысы көтеріледі.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.