Атырау – Астрахань күре жолының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау – Астрахань күре жолының құрылысы басталды

26.09.2018

Атырау –Астрахань күре жолының құрылысы басталды. Магистральдің 60 шақырымы республикалық бюджет есебінен жаңартылуда. Құрылыс екі жылда аяқталуы тиіс. Шекарада орналасқан елді мекенге іс-сапармен барған Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жол құрылысының жұмысымен танысты. Аудан халқымен кездесіп, қатынастың оңалатынын жеткізді. 277 шақырымды құрайтын магистральдің қалған бөлігі жақын күндері жөнделмек. Жол құрылысына 500-ден астам адам жұмылдырылады.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазіргі кезде Үкімет Европалық даму банкі, Азия даму банкімен өте тығыз жұмыс жасауда. Осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында бұған қол қойылып, Парламентке ратификациялау үшін алып келеді және келесі жылы жолдың қалған бөлігі жалғасын табады деген үлкен сеніміміз бар.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу