Олар «Қаңғыбас» жедел профилактикалық шарасы аясында анықталды. Сондықтан, тәртіп сақшылары «көше кезбелерінен секем алу керек»,-дейді. Олардың саны кейде күрт өсіп кететіні де бар. Бұл ұрлық-қарлық жасап қашып немесе нәпақа табуға келетіндер. Мұндай рейд биыл үшінші рет өткізіліп отыр.
Астанаға мансап қуып, мақсатына жету үшін тек ақ жағалылар келмейді. Қара жұмыс қарап шығып, ақыры тауы шағылып қаңғып қалатындар да көп. Әсіресе, іргелес өңірлерлерден жетерлік. Мына келіншек Көкшетаудан. Күнде кешке бейімдеу орталығына қонатынын айтты. Ал күндіз көше кезіп көңіл көтереді. «Жергілікті полицейлерге танымалмын»,-дейді. Дегенмен оны да, қасындағыларын да тексеру үшін көлікке тиеді.
Орыс жігіті болса электр сымдарын жинап жүр. Ішіндегі мысын өткізіп ішіп-жемін табады. «Аяғым ақсақ, жұмысқа жарамаймын»,-дейді.
Ол өзін Ақкөл ауданынанмын деді. Барар жері, басар тауы түгілі, құжаттан да жұрдай.
Мұндай «Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін маусымда 402 адам ұсталды. Оның 21-і іздеуде жүрген қылмыскер болса, 10-ы хабар-ошарсыз кеткен. Ал былтыр сәуірдегі рейд кезінде 152 кезбе қолға түсті. Олардың арасынан 9 қылмыскер анықталды. Бесеуі із-түзсіз жоғалған. Қабылдау-тарату бөлімі мен бейімдеу орталығына тапсырылғандар да бар.
«Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы қыркүйектің 27-не дейін жалғасады. Осы аралықта көше кезіп жүргендердің саусақ таңбасы алынып, мәліметтер базасына тіркеледі. Мына ұсталғандардың да ақ-қарасы полиция бөлімінде анықталатын болады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.