Қазақстандағы ең ұзын ғимаратты сатып алатын адам табылмады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің электронды сауда алаңында көрсетілген. Астананың сол жағалауындағы «Изумрудный квартал» аталып кеткен 49 қабатты ғимарат «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі. Ғимараттың ауданы 100 мың шаршы метрден асады. Онда бұған дейін еліміздегі көпшілік ұлттық компаниялар мен холдингтердің орталық кеңселері орналасқан болатын. Ғимаратты аукционға қымбаттату әдісімен сатуға қойған. Алайда бүгінге жоспарланған сатылым болмады. Себебі, аукционға екі адамнан аз сатып алушы тіркелген. Айта кету керек, аукцион тәртібі бойынша қымбаттату әдісі арқылы сатылмаған жағдайда келесі жолы арзандату әдісі арқылы сатылуы мүмкін.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.