Серікбай қажы Ораз алдымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің және терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысына қатысты.
Жиын барысында облыстағы діни ахуал талқыланып, оны тұрақтандыру бойынша тапсырмалар берілді. Одан кейін бас мүфти өңірдегі зиялы қауым өкілдері, имамдар және қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді.
Ол дін мен дәстүр сабақтастығын бұзбау қажеттігіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, дінді дұрыс түсінбей жүргендермен жұмыс одан әрі жүргізіле беретінін айтты. Қазір өңірдегі мешіттердің 70 пайызында діни жоғары білім алған имамдар жұмыс істейді. Бұл жұмыстар да әлі жалғаса бермек.
Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы:
- Имамдарымыздың, әсіресе діндар қауымның алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Ол тарихи жауапкершілік деп ойлаймын. Мен ҚМДБ төрағасы, бас мүфти ретінде біздің азаматтарымызды әрбір істе түсіністікпен қарым-қатынас жасауға шақырамын.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.