Талдықорғанда құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт ашылды

21.09.2018

Талдықорғанда құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Құрғақ қоспалардың алты түрін өндіретін зауыт тәулігіне 50 тонна өнім шығарады. Әзірше 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс қарқын алған өңір үшін мұндай кәсіпорындардың қажеттілігі артып отыр. Отандық өнімнің өзіндік құны да арзан.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу