Ауыл жастары ағылшынша тегін оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл жастары ағылшынша тегін оқытылады

21.09.2018

Ауыл жасөспірімдерінің ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік пайда болды. «English for jastar» деп аталатын жоба еліміздің 14 облысында екі ай бойы жүзеге асырылады. 7000 мектеп оқушысына шетелдік 28 шетелдік және 140 отандық маман сабақ беріп, «Шекспир тілін» тез меңгеруге көмектеседі. Ұстаздық ететіндердің ішінде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бар. Боксшы кейінгі ұрпаққа тіл ғана үйретіп қоймай, оларға демеу беріп, ынталандыруды көздеп отыр.

Қанатқақты жобаға 9-11 сынып оқушылары іріктеліп алынады. Ұйымдастырушылар осылайша ҰБТ тапсырар алдында ауыл жастарына білімдерін шыңдап алуға қолғабыс етеді.

Айта кетерлігі, оқушылар «Oxford University Press» баспасының оқу құралдарымен оқиды.

Дәулет Кәрібек, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:

- Біздің аймақтық филиалдар тарапынан «Болашақ» ассоциациясымен бірлесіп, жоба қатысушылары еріктілер жататын үйлер жасақталынды. Олардың ағылшын тілімен бөлісетін мекен-жайлары анықталды. Қазіргі таңда біздің кітапханаларымызда ағылшын клубтары ашылып отыр. Ағылшын тілін оқыту ойын түрлерінде, дебаттар және басқа да әдіс-тәсілдермен жүргізілетін болады.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу