ШҚО-да бір адам күйдіргі жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да бір адам күйдіргі жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті

21.09.2018

Шығыс Қазақстан облысында күйдіргі дертін жұқтырды  деген  диагнозбен бір адам ауруханаға түсті. Қатонқарағай ауданының тұрғыны екі ауылдасымен мал сойған. Бір апта өткен соң ауырып, денсаулығы нашарлап дәрігерге  жүгінген. Қазір  науқас азаматтан қажетті сынамалар алынды. «Бастапқы талдау нәтижелері бойынша жұқпалы дерт расталмады, - дейді дәрігерлер.

Бірақ, клиникалық белгілер күйдіргіге өте ұқсас көрінеді. Сырқат адам кеше санавиация көмегімен облыс орталығына жеткізілді. Сонымен қатар, онымен байланыста болған 35 адам анықталып, дәрігер бақылауына алынды. Мал сойылған жерге залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Юлия Кирьянова, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Сырқат қазір №1 қалалық ауруханада стационарлық түрде ем қабылдап жатыр. Әзірге күйдіргі болуы мүмкін деген болжам ғана, жан-жақты зертханалық сараптама ғана барлығын нақты көрсетеді.  Қатонқарағай ауданындағы  жергілікті атқарушы билік өкілдері, ветеринар мен біздің тарапымыздан сақтық шаралары күшейтілді.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу