Астанада әдеби форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әдеби форум басталды

20.09.2018

Қазақ жазушылары мен ақындарын ынталандырып, бәсекелестікті арттыру үшін сыншылар қажет. Ал, олардың көпке танымал болып, туындылары жақсы сатылуы үшін насихатты көбейткен жөн. Астанада басталған «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты халықаралық әдеби форумда осындай ойлар айтылды. Қалам ұстаған қауымның қордаланып қалған мәселелерін талқылауға арналған жиынды Мәдениет және спорт министрлігі мен Жазушылар одағы ұйымдастырып отыр. Мұндай ауқымды шара соңғы рет 1973 жылы өткен екен. Сондықтан, жарты ғасырдай уақыт ішінде жиналған мәселе де аз емес. Мәселен, нарықтық жағдайда қазақ әдебиетін әлемге әйгілі ету. Қаламгерлердің табысын молайту, жастарды кітап оқуға ынталандыру сынды сауалдар бойынша қазақстандық жазушы-ақындар шетелдік меймандармен пікір алмаспақ. 

Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:

- Кеңестер кезіндегі механизмдердің бәрі күйреген. Бүгін біздің қаламгерлерді жұрт танымайды. Бұл үрдіс әрі қарай белең алмауы керек. Жұрт оқуға қайта оралуы керек. Кітап деген рух шырағын жағатын дүние. Сондықтан, осындай мәселелердің барлығы бүгін қозғалатын шығар деп ойлаймын.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу