Жеке мәліметтерді тарататын қосымша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке мәліметтерді тарататын қосымша жабылды

19.09.2018

Get контакт мобильді қосымшасын қолдануға Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған. Алайда, қосымшаның жаңартылған нұсқасы шыққан кезде қосымша жұмыс істеуі мүмкін.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты мемлекеттік техникалық қызмет мекемесінің басшысы айтты.

Айта кету керек, аталған мобильді қосымша жеке басқа қатысты мәліметтерді тарататын болғандықтан Қазақстан аумағында оған тыйым салынған. Беймәлім нөмірлерді анықтауға болатын мобильді қосымшаның қызметі көптеген елдерде тоқтатылған.  Желіде жеке басқа қатысты мәліметтер ұрланған жағдайда мемлекеттік техникалық қызметке хабарласуға болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу