Экономикалық одақтың тиімді тұстары мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономикалық одақтың тиімді тұстары мол

02.06.2014
Экономикалық одақтың тиімді тұстары мол
«Бірлік түбі - береке», демекші, үш елдің күш біріктіріп тірлікті түзетуге, тұрмысты өрге бастыруға ұмтылуы - өте құптарлық жайт. Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің ЕАЭО-қа бірігуін солтүстікқазақстандық ардагерлер осылай дейді. 
 
Ақсақалдардың пікірінше, ортақ мүдде тоғыстырған бұл үштік Қазақстан экономикасы үшін барлық тұрғыдан тиімді. Бұл біріншіден, бәсекелестікті дамытуға сеп болады.
 
Екіншіден, тауар өндірушілер мен     кәсіпкерлер  үлкен нарыққа шығуға мол мүмкіндік алады. «Жастар тұрақты жұмыспен қамтылып, қариялар бейнеттің зейнетін көретініне сенімдіміз»,-дейді ардагерлер. 
 
Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 
Біздің еліміз үшін, өркендеп-өсуіміз үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Ол үшін сыртпен қарым-қатынас жасау керек. Одақ аяғында біздің нарығымыз 10 есеге ұлғаяды екен. Сондықтан, әр елдің дамуы сыртқы елдермен тығыз байланысында.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу