Қызылорда облысында Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын бұзған

18.09.2018

Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кәсіпкерлердің құқығын шектеген. Екі шенеуніктің тәртібі әдеп кеңесінде қаралды. Оларға қойылған кінә дәлелденгендіктен, «екі басшы да қызметіне толық сәйкес келмейді» деп шешім қабылданды. Жаңақорған ауданы мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төреқожаев та конкурс талаптарын заң шеңберінен тыс қатаңдатып, кәсіпкерлердің мүддесін шектеген. Оған да «қызметіне толық сәйкес келмейді» деген тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ, орта арнаулы оқу орындарында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Абзал Мұхимов, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:

- Оқу бағдарламасына, техникалық базасының жабдықталуы, кадрлық мәселелерін жабдықтауда көптеген мәселелер бар. Бұл жөнінде біз облыстық Білім басқармасының басшысына нақты талаптар қойдық. Жақын арада олар өздерінің саласында нақты шешілуіне қажетті жұмыстарды жасауы тиіс. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу