Түркістан облысы аумағындағы биік шыңға «Астананың 20 жылдығы » деген атау берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы аумағындағы биік шыңға «Астананың 20 жылдығы » деген атау берілді

18.09.2018

Түркістан облысы аумағындағы биік шыңға «Астананың 20 жылдығы» деген атау берілді. Оның биіктігі 3 мың 446 метр. Шың өңірдегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында тұр. Биіктікті бағындыруға арналған альпиниадаға 300-ге тарта адам қатысты. Олардың ішінде Парламент депутаты, даңқты спортшылар, облыс басшылары мен жастар бар. Тауға өрмелеу дағдыларын жақсы меңгерген бұл топ биіктікті қиналмай бағындырды. Жалпы, шараны ұйымдастырушылар отандық туризмнің дамуына үлес қосу мақсатында бұған дейін Алтай және Тянь-Шань тауларында 20 түрлі шара өткізуге мұрындық болған. 

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:

- Осындай іс-шаралар еліміздің туристік әлеуетін көпке танытып, осы саланың дамуына айрықша ықпал етеді. Бүгін бұл іске әсіресе, жастар көп жиналыпты. Альпиниада олардың ел мен жерді тануына сеп жасаса, екінші жағынан салауаттылыққа баулиды. Біз соларға қолдау білдіру үшін арнайы келдік.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу