«Qostanai» телеарнасы жаңа телемаусымның тұсауын кесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qostanai» телеарнасы жаңа телемаусымның тұсауын кесті

18.09.2018

Тобыл-Торғай өңіріндегі «Qostanai» телеарнасы жаңа маусымның тұсауын кесті. «Қазастан РТРК» құрамына кіретін арнаның ақпарат кеңістігіне шыққанына ширек ғасырдан асқан. Алғаш хабарын эфирге 1991 жылдың 1 ақпанында таратты. Қазір ұжымда 80-нен аса адам жұмыс істейді. Тәулігіне 17 сағат хабар таратады.

Соның басым бөлігі өз өнімдері. Өмірдің сан саласын қамтитын 30-дан астам авторлық хабар дайындалады. Биыл олардың қатарына тағы 5 бағдарлама қосылды. Тұсаукесер рәсіміне аймақтағы белгілі тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері, жалпы көрермендер қатысты. Өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып, ойларын ортаға салды. 

Ақылбек Шаяхметов, ақын:

- Теледидар өмірдің айнасы. Айнаға қарап бәрі ойын түзейді, бойын түзейді. Теледидардың өзі де, сөзі де, көзі де түзу болуы керек. Сол тұрғыдан алғанда «Qostanai» телекомпаниясының «Qazaqstan» арнасымен бірігіп шығарып жатқан көптеген жобалары ұнайды, көңілге қонады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу