Бұл құжаттың қабылдануына «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты бастамашы болды. Акт жастар ұйымдарының бірлесіп жұмыс атқаруын көздейді. Құжатқа қол қою рәсімі Бурабайдың баурайында ұйымдастырылған «Жастар – Отанға» саяси лагерінің аясында өтті. Оған партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.
«Жастар – Отанға» дәстүрге айналған саяси лагерь. Оған жыл сайын еліміздің белсенді жастары қатысады. Биыл 170 адам келді. «Жасотандықтар» алдында жауапты міндеттер тұр. Ең бастысы, ұйымның 4-інші съезінде қабылданған қорытынды құжатта айтылған тапсырмаларды іске асыру керек.
Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
- Бүгінгі күні 20-дан астам жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Оның үстіне ІТ-сынып, ІТ орталық, кітапханаларды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы жобаларға жастарды көбірек тартып жастардың қатысуын талқыладық. Осыған «Жас Отан» ұйытқы болуы керек. «Жас Отан» Жастар қанаты Қазақстандағы басқа да жастар ұйымдарын біріктіретін күш болуы керек.
«Жас Отан» еліміздегі жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Сол жүйелі жұмыстарды жетілдіру үшін «Ұлттық патриоттық акт» қабылданды.
Дәулет Кәрібек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:
- Ұлттық патриоттық актіге қол қойып жатқан 14 жастар ұйымдарымен бірге біз ірі-ірі партиялық және жастардың жобаларын жүзеге асырамыз. Оның біреуі мысалы, «English for Jastar». Ол бойынша ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйретеміз. «Қасиетті домбыра» атты жобаны «Жас Ұлан» жасөспірімдер және балалар ұйымдарымен жасаймыз.
Жобалар жақын арада жүзеге асады. Мәселен, «English for Jastar» аясында еріктілер ауылға барып, ағылшын тілін үйретпек. Бүгінде «Жас Отанның» қатарында 164 мың қазақстандық бар. Лагерьдің мақсаты - осы жастарды партиядағы қызмет үшін дайындау.
Нұржан Жетпісбаев, «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:
- Ең бастысы, ол саяси менеджментті үйреніп жатырмыз. Осыған қоса, партияның жаңа, заманауи жобаларын іске асыруда, қандай қолданыстарды қолдану керек, қандай менеджментті қолдану керек деген сабақтарды, тренингтерді өтіп жатырмыз. Ең маңыздысы ол бүгінгі күндегі әлеуметтік желіде партияның рөлі қандай, жастардың рөлі қандай, онымен жастар қалай жұмыс жасау керек жөнінде семинарлар өткізудеміз.
Лагерь 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, түрлі сарапшылармен кездесулер өткізілмек.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.