Астана әкімі құрылыс нысандарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі құрылыс нысандарын аралады

17.09.2018

LRT көлік жүйесі жобасының құрылысы уақытында аяқталуы тиіс. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы  бірқатар нысандарды аралап қол астындағыларға осындай тапсырма берді. Жаңа көлік жүйесін салып жатқан құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадаларын дайындауда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салыны жатқан LRT жобасы әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады. Сондай-ақ, қала басшысы Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір мен мыңжылдықтар аллеясының құрылысымен танысты.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу