Үш айға созылған «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш айға созылған «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі мәресіне жетті

17.09.2018

Ұлттық спорттың 8 түрінен өткен аламанды көкпаршылар түйіндеді. «Қоланы» солтүстік аймақтың жеңімпазы Ақмола мен Алматы облысы өзара сарапқа салса, «алтынға» Маңғыстау облысының шабандоздары мен жамбылдық жігіттер таласты. Тартысты өткен бәседе алматылықтардың бағы жанып «қолаға» қол созды.

«Күміс» Маңғыстауға бұйырса, қарсылас шақ келтірмеген Жамбыл облысы жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы жүлде қоры  27 млн. теңгені құраған «Ұлы дала рухы» фестивалі енді дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

Нұрсұлтан Ибрагимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры:

- Қазақ күресінен, теңге ілу және жамбы атудан Түркістан облысы бірінші орын алды. Тоғызқұмалақтан Павлодар, аударыспақтан Ақмола облысы жеңімпаз болды. Енді топ бәйге мен аламан бәйгенің мықтылары белгілі болады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу