Одаққа кіретін елдерден медициналық-құрал жабдықтар еліміздің емдеу мекемелеріне арзан бағамен жеткізілетін болады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді де үш ел арасында саудалау көп құжаттарды талап етпейді.
Әрі біздің республика көлемінде шығарылатын дәрі-дәрмектер де сол елдерге ешбір кедергісіз жол тартады. «Бұл өз кезегінде халықтың денсаулығын жақсартып, заман талабына сай емделуіне септігін тизігеді»,- дейді сала мамандары.
Мұқан Егізбаев, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері:
Дәрігерлердің одақ көлемінде бір-бірімен тәжірибе алмасуына өте тиімді болады. Барып келу шығыны да азаяды.
Айнұр АҚБАЕВА