Аграрлы аймақ солтүстікте танап басындағы күзгі жұмыстар қыза түсті. Солтүстіктің диқандары биыл да рекордтық көлемде астық жинауға ниетті. Оған себеп те жоқ емес. Айыртау ауданындағы «Бабық –Бұрлық» ЖШС-нің шаруалары қазірдің өзінде әр гектардан 62,5 центнерден бидай алып отыр.
Осыған дейін серіктестік гектарынан 43 центнерден өнім алып келген. Ал, биыл облыс бойынша рекорд орнатып, мол астық жинады. Шаруалар мұндай табысқа кенелулерінің себебін жазда ауа райының қолайлы болуымен байланыстырып отыр. Қожалық әлі де танап басындағы жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан, өнімділік көрсеткіші алдағы уақытта өзгеруі мүмкін. Мәселен, аймақ бойынша бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш гектарына 55 центнерді құраған еді.
Сейілбек Махметов, «Бабық – Бұрлық» ЖШС директоры:
- Қазір 62,5 центнерден шығып жатыр. Әрі қарай орамыз. Орташа алғанда 40 центнерден асатын шығармыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.