«Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Ақтөбе қаласының тұрғындарына «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтарын түсіндірді. Ал, өңір басшылығы тұрғындарды баспанамен қамтуға барынша жағдай жасалып жатқанын жеткізді.
Бүгін «7-20-25» бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық компаниясы мен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. Келісім құны 2 миллиард теңге. Бұл көлемі 270 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беруге мүмкіндік тудырмақ. Яғни, баспана алуға мүмкіндігі аз отбасыларға алғашқы жарна көлемін төмендету қарастырылып отыр. «Нұр Отан» партиясының хатшысы ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлермен де кездесті. Кездесуде «Оқы, жетіл және бөліс» атты челлендждің тұсауы кесілді. Жиынға қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметші оқуы тиіс кітаптар табысталды.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Жақында «Нұр Отан» партиясы өзінің ұсынысын берген. Ол ұсыныс бойынша жергілікті жерлерде 20 пайыздық жинақ көптеу болып отыр. Әсіресе, жалақысы төмен азаматтарға. Сол бойынша азаматтардың мүмкіндігін асыруға қандай мүмкіндіктер бар деп банкке айтып отырмыз. Екінші, Кредит беріп, көбірек үй салу мүмкіншілігін жасау үшін жергілікті жерлерде мүмкіндік бар ма? Ұлттық банк сол механизмді жасап, Ақтөбе облысымен меморандумға қол қойды.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.