«Қарағанды-Теміртау» автобаны қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарағанды-Теміртау» автобаны қайта жөнделеді

13.09.2018

«Қарағанды-Теміртау» жаңа автобаны қайта жөнделеді. Жол сапасын тексеруші мамандар «шамамен 5 шақырым күрежолдың бетонында жарықтар пайда болған», - дейді. Оларды қайта алып орнына жаңасын құю керек. Бұл шығынды мердігерлік компания толығымен өз мойнына алады. Себебі, автобанның қала арасындағы бөлігі толығымен біткен жоқ. Тек келер жылы тапсырылады. Бұған қоса 5 жылға дейін  кепілдік мерзімі бар. Қазір жолдың сапасыз салынған аумағында арнайы георадар, сканермен жабдықталған техника жұмыс істеуде. Құрылғы арқылы жолдың 1,5 метрге дейін тереңдігі тексеріледі. Жуықта осы 5 шақырым аумақтың техникалық жайы туралы сараптама қорытындысы дайын болады. Айта кету керек, магистральді салуға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінген. 

Бақытжан Нұртаев, жобаның бас инженері:

- Шахта болса жылда түсе береді. Ол жарты метр, бір метр түсе береді. Жолға әсер етуі мүмкін. Сосын айтайын машина өте көп Теміртау мен Қарағандының ортасында. Тәулігіне 23 мың көлік қатынайды.

Сейділдә Пәкентаев, мердігерлік компанияның бас директоры:

- «Алматы-Қапшағай», «Астана-Павлодарды» салдық. Оңтүстік Қазақстанда «Батыс Қытай-Батыс Еуропаны» салдық. Мұндай бізде болған жоқ еді. Қазір енді соны зерттеп жатырмыз. Қандай жарық, ақау болғанын анықтап, өзіміз жөндеп, абыройымызды құртпау үшін істейміз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу