Астанада Қазақстан халықтарының тілдер күні аталып өтті. Қалалық ассамблея аясында өткізілетін мұндай шара жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осы жолы игі шараға қаладағы 14 этно-мәдени орталық қатысты. Олардың барлығы өз өнерлерін көрсетті.
Бұл шараның негізгі мақсаты - барлық этностың басын қосу. Мәдени бағдарламалар арқылы бір-біріне жақындату, достық қарым-қатынаста болу. Елдің бірлігі мен ынтымағын насихаттау. Бірақ, осындай Тіл мерекесі күнінде ең негізгі басымдық қазақ тіліне беріледі. Өзге этностың өкілдері мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, өз шығармаларын осы тілде жеткізеді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.