Қарағанды облысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген ең үздік полицейлер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген ең үздік полицейлер анықталды

12.09.2018

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты байқауға Ішкі істер департаментіне қатысты бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Олар өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтел, салт-дәстүр, шешендік өнер сынды бірнеше бөлімнен тұратын сайыстарда жарысты. Байқау қорытындысы бойынша кеншілер қаласындағы Оңтүстік Шығыс ауданының командасы жеңіске жетті.

Жалпы облыстық  ІІД тарапынан мемлекеттік тілді дамыту, қызметкерлер арасында насихаттау, қолданыс аясын кеңейту бағытында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, биыл 500-ден астам тәртіп сақшысы «Қазтест» бойынша сынақтар тапсырып, оң нәтиже көрсетті. Ал Ішкі істер органы құрамындағы мемлекеттік тілде құжаттама толтыру ісінде сауаттылық танытқан 5 өзге ұлт өкіліне шара аясында арнайы алғыс хаттар табысталды. 

Висхан Витаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Қазақ тілін кішкентай кезімнен достарымның арасында жүріп үйренгенмін. Мектепте оқыдық. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу