Алдағы уақытта күн суытып, қар жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы уақытта күн суытып, қар жаууы мүмкін

10.09.2018

Еліміздің 7 өңірінде алдағы күндері күн күрт суытып, қар жаууы мүмкін. Тиісті ақпаратты «Қазгидромет» таратты. Болжамға сай, қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, температура 1-3 градусқа дейін төмен түсуі мүмкін. Ал, Астана қаласында ертең түнде секундына 15 метрге дейін жел соғып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу