Қызылорда облысындағы Арал аудандық көпсалалы колледжі заңсыз жұмыс істеген. 2007 жылы асар әдісімен салынған ғимараттың құжаты әлі күнге дейін рәсімделмеген. Солай бола тұра, студенттер айына 1800 теңгеден ақы төлеп келген.
Штатта үш қызметкер болған. Бұл заң бұзушылықтарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті арнайы мониторинг барысында әшкереледі.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледж жатақханасында да заң бұзушылықтарға жол берілген.
Бағдат Ізкенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменттің басқарма басшысы:
- И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық колледжінің осыған жауапты директорының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, индустриалды-техникалық колледжіне сәйкес, біз облыстық білім басқармасына жіберген ұсынымға сәйкес, жатақхана жабылды. Ал, жауапты тұлға тиісті түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.