Қызылордада 75 жоба іске асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 75 жоба іске асып жатыр

10.09.2018

Қызылордада Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы   өтті. Сенаторлар   мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. 

Бұл орайда Сыр елі - Республика бойынша үздік өңір. Дәл қазір 75 жоба іске асырылып жатыр. Оның басым бөлігі, яғни, 29-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін облыста біраз балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  негізінде салынды. Енді жеке мектептер мен жатақхана құрылысы жоспарда бар. Жалпы өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу