Қазақстан Ауған еліне әрдайым гуманитарлық көмек көрсетіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ауған еліне әрдайым гуманитарлық көмек көрсетіп келеді

06.09.2018

Басқа жұрттың басына түскен қиындыққа қабырғасы қайысып, қолынан келгенін аянбайтын елдердің бірі - Қазақстан. Осы 40 жылдан бері соғыстан көз ашпаған ауған еліне де мүмкіндігінше көмек көрсетіп келеді. Берекесі қашқан елге алдымен 50 млн. АҚШ доллары көлемінде ақша аударды. Онымен шектелмей, 1 мың ауғандық жасқа еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға жағдай жасалды. Олар еліміздің 21 университетінде оқып, біразы қазірде білікті маман болып, еліне қайтса, қалғаны әлі де оқып жүр. Былтыр осы бағдарламаның мерзімі аяқталды. Бірақ, оның игілігін көрген ауған елінің сұрауы бойынша Қазақстан бағдарламаны ұзартатын болды. Сол бойынша 3 жыл ішінде 90 ауғандық жасқа грант бөлінеді.

 

Данияр МЕҢІЛБЕКОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу