«Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының жұмысын жаңаша дамытпақ. Бұл жөнінде Павлодарда өтіп жатқан тұңғыш аймақтық форумда жария етілді. Шараға еліміздің 4 облысынан 250 делегат қатысуда. Бір ғана Павлодар өңірінде партияның бастауыш ұйымдарының саны 400-ден асады. 65 мың мүше тіркелген. Ұшқыр жобаларды іске асыруда олардың белсенділігі басқа аймақтарға қарағанда жоғары. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы озық тәжірибелер, тиімді әлеуметтік жобалар көпшілік талқылауына ұсынылды. Олардың бірқатары бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыруға арналған тұжырымдамаға енгізіліп, қараша айында Астанада өтетін республикалық форумда нақты бекітіледі. Бүгінгі жиында партияның кадрлық резервін күшейтіп олардың саяси білімін жетілдіру мәселелері де қаралды.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Қандай тәсілдерді қолдануымыз керек? Әрине, бұрынғы үлкен жиналыстар, үлкен семинарлар қазіргі жастарға қажет емес. Екінші, цифрлық қоғамға өткен кезімізде қандай саяси технологиялар қолдануды қарастырып жатырмыз. Үшінші, біз цифрлық партия деген жобаны жасап жатырмыз. Сол бойынша бүтін партияның жұмысы автоматтандырылғалы тұр.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.