Шығыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды

06.09.2018

Өскеменнің Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде  «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықта қызметтің 30 түрі көрсетіледі.Оның төртеуі «Цифрлық Қазақстан», «Электронды үкімет», «Цифрлық университет» бағдарламасы аясында ашылған. Заманауи құралдармен жабдықталған мекеме студенттер үшін өте қолайлы. Мамандар мейлінше белгіленген уақыт тәртібін сақтап, жылдам қызмет көрсетуі тиіс. Ал, студенттер кезек күтпей, электронды талон арқылы уақыт үнемдейді. Орталық  жұмысының тағы бір тиімді тұсы  білім саласындағы жемқорлыққа жол бермейді. «Парасат» орталығына транскрипт алуға келген Гүлім Әбдиева бас-аяғы 30 минуттың ішінде шаруасы шешілгенін айтады. 

Гүлім Әбдиева, 4 курс студенті:

- Бұл жерде барлығы заманауи үлгіде жасалған. Барлығы компьютерленген. Мен жалпы өз басым студенттерге дәл мұндай қызмет көрсету түрін басқа жерден кездестіріп көрген жоқпын және де осындай орталықтардың ашылуы барлық студенттерге үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын.

 

Б. КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу