Түркістанда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда үшем дүниеге келді

06.09.2018

Облыс мәртебесіне ие болып, қайта еңсе тіктеп келе жатқан Түркістанда алғашқы үшем дүниеге келді. Өңірдің Келес ауданында тұратын Түктібаевтар  шаңырағы бұған дейін 3 бала өсіріп, тәрбиелеп отырған жас  отбасы. Отанасы Аяжан осылайша небәрі 23 жасында көпбалалы батыр аналардың сапына қосылды. 

Жас отбасының көптен күткен тілектері орындалды. Шаңырақтарының базары қыза түсті. Ата-анасы жарық дүние есігін ашқан сәбилеріне Олмахан, Төрәлі және Фатима деп ат қойыпты. Ана болу бір бақыт. Презенттің күлкісіне бөлену өмірлік шаттық. «Мамандар «үшем табасыз» дегенде сенер сенбесімді білмей, іштей толқып, аздап қорқып жүр едім. Бәрі сәтті болғанына қатты қуанып отырмын», - дейді Аяжан.

Аяжан Төленді, үшемнің анасы:

- Күтпеген жағдай болды. Өзім де УЗИ-ге барғанда шок болдым. Басында екеуі кислородпен дем алды. Ал, қазір барлығы өздігінен дем алады. Жағдайлары жақсы. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, отырмыз.

Үшемдер анасымен қазір Тараз қаласындағы перинаталды орталықта жатыр. Барлығының да денсаулығы неанотолог дәрігерлердің бақылауында. Салмақ қосып, саулықтары толық тіктелгенше олар медицина қызметкерлерінің қарауында болады. 

Гүлнар Нұрмұхамедова, облыстық Перинаталды орталығының бөлім меңгерушісі:

- Операция жолымен алынған балалар. Жағдайы орташа еді. Барлық жағдайды істедік. Қазіргі таңда қалыпты. Анасына балаға қалай қарау керек, соның бәрін түсіндірдік.

Үшемдер облыстағы перинаталды орталықта дүниеге келді. Амандық болса енді бір аптадан соң үйлеріне қайтады. Олмахан, Төрәлі мен Фатима өңірде жаңадан құрылған Келес ауданында туған алғашқы үшем болып отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу