Қызылорда облысында мақсарының жаңа сорты мол өнім берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мақсарының жаңа сорты мол өнім берді

05.09.2018

Қызылордалық ғалымдар мақсарының 4 жаңа сортын тәжірибеден өткізіп, сынап көрді. Майлы дақылдың «Алқызыл», «Талап», «Ника» және «Центр-70» деп аталатын  түрлері сәуір айында егілген болатын. Соның ішінде «Алқызыл» және  «Талап» сорты жергілікті климатқа төтеп беріп, жерсінді. «Мақсарыны жоңышқамен  бүркемелеп егуге болады», - дейді мамандар. Қазір егін жиналып жатыр, гектарына 10-15 центнерден өнім айналуда.

Әсет Тоқтамысов, Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш ҒЗИ директорының орынбасары:

- Бұрыннан стереотип қалыптасқан майлы дақыл Қызылорда облысында өспейді деген. Меніңше, ол дұрыс емес, майлы дақылдың жағдайын жасап, агротехникасын сақтайтын болсақ, ол өседі.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу