Шығыс Қазақстан облысында күздің басында қар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында күздің басында қар түсті

03.09.2018

2 қыркүйекте яғни, кеше Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Анықталғандай, қар Семейден 300 шақырым қашықтықта орналасқан Қайнар елді мекеніне түскен. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан аңғарғанымыздай, қар біршама қалың түскен сыңайлы. Күздің алғашқы күндерінің өзіне қыстың «қыстырылысып» жатқанына ел аң-таң. Ал, «Қазгидрометтегілер», «мұндай жағдайдың боларын алдын ала болжадық», -  дейді. Тіпті, салқын түсіп, ызғар басатынын ескерткендеріне де екпін түсірді. Сондай-ақ, синоптиктер алдағы уақытта да бірнеше облыстарда ауа райының құбылмалы әрі салқындау болатынын анық айтты.  

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Ақмола, Қостанай және ШҚО-да әлі де үсік сақталады және де қар жаууы мүмкін. ШҚО-да осындай ауа райы сақталады. Себебі, суық антициклон ел аумағына әлі де әсер етіп тұр.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу