Алматы облысында Конституция күні қарсаңында 150-ден астам мәдени-көпшілік шаралар жоспарланып отыр. Өңірде 7 мектеп, бірнеше балабақша мен емдеу мекемелері және басқа да кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілмек. Алғашқылардың бірі болып Қарабұлақ ауылында 100 орындық бөбекжай ашылды. Жаңа балабақшаны Ескелді ауданындағы іргелі шаруашылық іске қосты.
30-дан астам адам жұмыспен қамтылды. Ауыл жастарының да еңбекке араласуына мүмкіндік туып отыр. Ауданда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде тағы бірнеше балабақша ашу жоспарланған.
Ләйлә Сапарова, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:
- Жұмысқа шығамыз. Сол жұмысқа барған кезде баланы тастайтын жер жоқ. Өте әдемі балабақша екен.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.