Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының аймақтық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының аймақтық форумы өтті

27.08.2018

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы оңтайлы іске асуда. Белсенділер бағдарлама арқылы мектептер мен кітапханалар, емханалар мен жоғарғы оқу орындарымен тығыз жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен «Нұр Отан» партиясының бірінші аймақтық форумында айтылды. Жоба аясында барлық қызметті цифрландыру арқылы қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату көзделген. Осылайша, қалаларда ғана емес, ауыл, аудандарда ІТ-сыныптар мен кітапханалар ашылғаны белгілі. Бүгінде оларда тұрғындар мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, яғни, көбінесе жастар жұмыс істейді. Қызмет тиімділігін арттыру үшін өңірлерде «Сандық партия» жобасы іске қосылмақ. Яғни, қағазбастылық жойылып, толығымен электрондық құжаттандыруға көшеді.  Форумда адами ресурстарды басқару мен партияның кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері де талқыланды. Онда бастауыш партия ұйымдарын ынталандыру үшін бағалау жүйесі енгізілмекші.

Меруерт Әйтенова, форумға қатысушы:

- Бұрын барлығын құжаттап, хаттап, пошта арқылы жұмыс істесек, қазір қағазбастылықтан арылдық.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу