Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Діни форум «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен 10-11 қазанда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде 74 делегат Сьезге қатысатындарын растады, форумның Қорытынды декларациясы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Съезд аясында «Астана - бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.