Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасы сәтті бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасы сәтті бастау алды

27.08.2018

Қостанай облысына барған Мәжіліс депутаттары құрылыс материалдарын шығаратын комбинаттың ұжымымен кездесті. Садовый ауылында орналасқан кәсіпорын бір ауысымда 40 мың кірпіш шығаруға қауқарлы. Соның арқасында өңірдегі тұрғын үй құрылысына жергілікті материалдарды қолдану 90 пайызға жетіп отыр. Жұмысшылармен кездескен халық  қалаулылары бағдарламалардың іске асуы жайлы баяндап, жұрттың ұсыныстарын тыңдады. Өңірде «7-20-25» бағдарламасы жақсы бастау алды. Осы айда 25 қостанайлық осы жоба аясында пәтер алуға өтініш білдірген.

Әлия Сапарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бес әлеуметтік бастаманың бәрі әрбір қазақстандыққа тиесілі, сол себептен әр бастамаға қатысты сұрақтар бар. Біз жергілікті билік өкілдерімен бірлесе сол сұрақтарға жауап беріп жатырмыз.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу