Елімізде жыл соңына дейін үш бағыт бойынша жолдар ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл соңына дейін үш бағыт бойынша жолдар ақылы болады

23.08.2018

Жыл соңына дейін елімізде жалпы ұзындығы 471 шақырым болатын үш бағыт бойынша жолдар ақылы негізде қызмет көрсете бастайды. Олар: Астана-Теміртау, Алматы- Қапшағай, Алматы-Хоргос бағытындағы жолдар. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген «ҚазАвтоЖол» компаниясының бас инженері Арман Қайырбеков осылай деді. Соңғы екі жыл ішінде республика көлемінде 1800 шақырым жоғары сапалы жол салынды. Биыл құрылысы басталған Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы 2021 жылы аяқталмақ. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асырылып жатыр. Осы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасына 60 млрд. теңге бөлінді. Осы жолдар құрылысында республика бойынша 100 мыңдай адам жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, құрылысы орта жолда тоқтаған Астана-Павлодар тас жолы да толық пайдалануға берілмек. 

Арман Қайырбеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас инженері:

- Ирандық мердігермен келісімшарт бұзылды. Осы жылдың аяғына дейін «Астана-Павлодар» тасжолы толық ашылуы керек.   

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу